«Бешбармақ пен тәттілерді жақсы көремін»: Рыбакина Алматыға келгендегі әсерін айтты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Kursiv.Media / Рауан Мутаир

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сүйікті тағамдары, қалаға деген көзқарасы және Қазақстан спортының жетістіктері туралы айтты.

Теннисшінің сөзінше, уақытының көп бөлігін Дубайда өткізеді, үйі де сол жақта. Дегенмен Алматыда да өзін үйіндегідей сезінетінін, қаланың ауа райы ұнайтынын және мұнда жақын достары бар екенін жеткізді.

Сондай-ақ Рыбакина Алматыға келгенде тағам таңдауда өзін шектемейтінін, әсіресе бешбармақ пен түрлі тәттілерді жақсы көретінін айтты.

«Тамаққа келсек, шынында да көп нәрсе жеймін, ал бешбармақ пен түрлі қазақша тәттілер өте жақсы өтеді. Сондықтан мұнда келгенде барлық достарыммен бірге өзімді үйімдегідей сезінемін», – деді Елена Рыбакина.

Бұдан бөлек, әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсету үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтіп, өзге спорт түрлеріндегі отандастарының жетістіктеріне тоқталды.

Атап айтқанда, теннисші мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен тау шаңғысынан өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың нәтижелерін ерекше атап өтті. Рыбакина елімізде түрлі спорт түрлерінің дамып, қазақстандық атлеттердің жүлделі орындарға ие болып, жаңа деңгейге көтеріліп жатқанына қуанатынын жеткізді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз