Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» марафонына өзі оқыған кітапты ұсынды

Жарияланды 22 Қыркүйек 2026 10:49

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
dimash
/ Фото: Instagram/ Dimash Kudaibergen

Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталды. Марафонға белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де қатысып, көпшілікке өзі оқыған кітапты таныстырды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Димаш Құдайберген марафонға байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысып, белгілі суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» (Қолсыз өмір) атты автобиографиялық кітабын ұсынды.

Әнші Кәріпбек Күйіковпен кездескенін айтып, оның қайсарлығы мен рухының мықтылығы өзіне ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.

«Кәріпбек ағаның өмір жолы мен қайсарлығы маған ерекше әсер етті. Оны көрген кезде, Америка фильмдеріндегі супер қаһармандарды емес, өмірде нағыз супер қаһарман болудың қандай екенін түсінесің», – деді Димаш Құдайберген.

Әнші сондай-ақ кітап оқудың маңыздылығына тоқталып, көпшілікті марафонға қатысуға шақырды.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны қоғам арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға, тағылымды шығармаларды насихаттауға және оқырмандардың өзара пікір алмасуына бағытталған.

Тағы да оқыңыз: Жарты жыл өтті: Алматы әкімдігі Димаштың муралын неге қайта салмай отыр

Сондай-ақ оқыңыз