
Қайрат Әділгерей өзінің жары, әнші Бақыт Тұрманның көлігіндегі топыраққа шөп өсіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әзілкешке әйелінің көліктің тазалығына мән бермейтіні ұнамайды. Оның айтуынша, едені топыраққа толып, шөп өсе бастаған. Сондықтан Бақыт Тұрманның көлігін қымбат жерге апарып, жуғызуды ұйғарған.
«Машинасының еденіндегі топырақтан шөп өсіп жатыр. Кішігірім газон», – деп әзілдеді Қайрат Әділгерей.
Әнші әзілкеш күйеуінің сөзін жоққа шығармады. Ондай кемшілігі бар екенін ашық мойындады.
«Мен көлігімді өте сирек жуамын. Жыным келеді, көлікке уақыт кетіргім келмейді. Тек айдап жүре беремін», – деп, күлді Бақыт Тұрман.
Мұның алдында Бақыт Тұрман Қайрат Әділгерейді не үшін таңдағанын баяндап берген еді.