Sadraddin Алматыдағы концертін кейінге шегерді

Жарияланды 26 Қыркүйек 2026 10:19

Айдана Сейсембек

Айдана Сейсембек

LifeStyle бөлімінің журналист
Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: sadraddin жеке инстаграмм парақшасынан

Қазақстандық әнші Sadraddin Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Алматыдағы концерттерін кейінге шегерді. Бұл туралы әртіс Instagram-дағы видеоүндеуінде мәлімдеді. Kursiv LifeStyle мән-жайды тарқатып жазады.

Бастапқыда Алматының Орталық стадионындағы концерттер 26 және 27 қыркүйекте өтуі тиіс еді. Енді екі концерт те бір күнге шегерілді:

  • 26 қыркүйектегі концерт — 27 қыркүйекке;
  • 27 қыркүйектегі концерт — 28 қыркүйекке ауыстырылды.

Еске салайық, 24 қыркүйекте «Хазар Корганы – 2026» оқу-жаттығуы кезінде ауа райының қолайсыздығынан 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен. Оқиға салдарынан 14 адам қаза тапты, үш әскери қызметші құтқарылды.

Sadraddin өз үндеуінде қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

«Осындай ауыр сәтте қаза тапқандардың отбасыларына құрмет білдіріп, халқыммен бірге болуды маңызды деп санаймын», — деді әнші.

Сондай-ақ Sadraddin қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге ниетті екенін айтты.

Әншінің сөзінше, мұндай ауқымды концертті өткізуге үлкен команданың және серіктестердің бірнеше айлық еңбегі жұмсалады. Ол концерт күндерінің ауысуына түсіністікпен қараған көрермендер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз