Алматылықтар азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын өңірге айналды (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Азық-түлікке жұмсалатын қаражат / фото: Kursiv Media

Қазақстандықтар тұтынуға жұмсаған әр 100 теңгенің шамамен 54 теңгесін азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығындайды. 2026 жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіш ел бойынша 53,7% болды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, сәуір-маусым айларында бір қазақстандық тамақ өнімдеріне орта есеппен 174 625 теңге жұмсаған. Айға шаққанда бұл шамамен 58,2 мың теңге.

Алайда өңірлер арасындағы айырма айтарлықтай.

Азық-түлік шығыны бюджетке ең көп салмақ түсіретін өңір – Жетісу облысы. Мұнда тұрғындардың тұтынуға жұмсаған әр 100 теңгесінің 67,4 теңгесі тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға кеткен. Бір адам үш айда азық-түлікке орта есеппен 192 723 теңге жұмсаған.

2026 · II тоқсан

Қай өңірде азық-түлік бюджетке көбірек салмақ түсіреді?

Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын. Пайыз — өңірдегі жалпы тұтыну шығысындағы үлесі.

Қазақстан
53,7%
тұтыну шығысындағы үлесі
Бір адамға
174 625 ₸
II тоқсанда
Айына шаққанда
≈58 208 ₸
бір адамға
Қазақстан бойынша орташа деңгей — 53,7%
Жетісу облысы
192 723 ₸ 67,4%
Маңғыстау облысы
178 885 ₸ 61,4%
Атырау облысы
143 106 ₸ 59,3%
Алматы облысы
177 019 ₸ 58,6%
Шымкент қаласы
154 972 ₸ 58,5%
Ақтөбе облысы
158 190 ₸ 58,3%
Жамбыл облысы
170 951 ₸ 57,9%
Түркістан облысы
140 191 ₸ 57,5%
Ұлытау облысы
182 295 ₸ 55,4%
Абай облысы
157 353 ₸ 54,0%
Шығыс Қазақстан облысы
206 217 ₸ 54,0%
Батыс Қазақстан облысы
146 562 ₸ 53,9%
Қызылорда облысы
127 649 ₸ 51,9%
Ақмола облысы
161 553 ₸ 50,7%
Қостанай облысы
162 480 ₸ 49,6%
Алматы қаласы
228 783 ₸ 49,7%
Астана қаласы
193 237 ₸ 49,2%
Павлодар облысы
186 704 ₸ 48,6%
Қарағанды облысы
193 796 ₸ 48,5%
Солтүстік Қазақстан облысы
170 127 ₸ 47,2%
0% 35% 70%
Қазақстан бойынша азық-түліктің тұтыну шығысындағы үлесі 53,7%
Алматы мен Жетісу: екі түрлі көрініс

Алматыда азық-түлікке жұмсалатын сома ең жоғары — 228 783 теңге. Бірақ оның тұтыну шығысындағы үлесі 49,7%. Жетісуда сома төменірек — 192 723 теңге, есесіне азық-түлік барлық тұтыну шығысының 67,4%-ын алады.

Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы. 2026 жылғы II тоқсан. Сома — тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы шығыны. Үлес — тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындардың жалпы тұтыну шығысындағы үлесі.

Жетісудан кейін Маңғыстау облысы тұр – 61,4%. Атырау облысында азық-түліктің тұтыну шығысындағы үлесі 59,3%, Алматы облысында 58,6%, Шымкентте 58,5% болды.

Жалпы 20 өңірдің 12-сінде азық-түлікке кететін шығынның үлесі республикалық орташа деңгейден жоғары.

Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда азық-түлік барлық тұтыну шығысының 47,2%-ын алады. Павлодар облысында – 48,6%, Қарағанды облысында – 48,5%, Астанада – 49,2%.

Бір қызығы, азық-түлікке нақты қанша ақша жұмсалатыны оның бюджеттегі үлесін әрдайым көрсете бермейді.

Мәселен, Алматыда бір адам үш айда азық-түлікке 228 783 теңге жұмсаған. Бұл – елдегі ең жоғары сома. Бірақ ол алматылықтардың жалпы тұтыну шығысының 49,7%-ын ғана құрайды.

Ал Жетісу облысында ақшалай шығын Алматыдан 36 мың теңгеге аз болғанымен, азық-түлік тұтыну бюджетінің 67,4%-ын алып отыр.

Екі шеткі өңірдің айырмасы да айқын: Жетісуда азық-түлік үлесі Солтүстік Қазақстан облысынан 20,2 пайыздық тармаққа жоғары.

Азық-түлікке жұмсалған ақшаның абсолют көлемі бойынша Алматыдан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 206 217 теңге, Қарағанды облысы – 193 796 теңге және Астана – 193 237 теңгемен тұр.

Ең аз сома Қызылорда облысында тіркелген – тоқсанына бір адамға 127 649 теңге. Алайда бұл өңірде де азық-түлік жалпы тұтыну шығысының жартысынан астамын – 51,9%-ын құрайды.

Біз қыркүйекте ІІ-ші тоқсандағы Қазақстанда орташа жалақының 486 мың теңге екенін де жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз