
Атақты A’Studio тобы Алматыға арналған қазақ тіліндегі жаңа әнін ұсынды. «Janbyrdan son» деп аталатын трек қала күніне орай жарық көрді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ән топтың шығармашылық тарихы басталған Алматыға арналған. Топ мүшелерінің айтуынша, қазақ тіліндегі әнді тыңдармандар да, музыканттардың өздері де көптен күткен.
«Бұл біз үшін ерекше ән. Біз де, жанкүйерлеріміз де қазақ тіліндегі әнді көптен күттік. Міне, көптен күткен релиз жарық көрді», – деді топтың музыканты Байғали Серкебаев.
Әннің мұқабасына топтың жақын досы, алғашқы құрамдағы ARAY тобының бас-гитарисі Фархад Ибрагимовтің картинасы пайдаланылған. ARAY тобының негізінде кейін ALMATA, одан соң A’Studio тобы құрылған.
Осыған дейін топ солисі Кети Топурия «Jañbyrdan soñ» атты жаңа туындының тизерін жариялаған еді.