
Әлемге танымал колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда Бішкектегі жаңа «Бішкек Арена» стадионында концерт өткізеді, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.
Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев мәлімдеуінше, әнші Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында алғаш рет Орталық Азияда концерт береді.
Концертке билеттер сатылымы 1 қазанда сағат 09:00-де басталады. Билет құны 12 000 – 40 000 сом (60 000 – 200 000 теңге) арасында. Айта кетейік, VIP-билеттердің бағасы әзірге жария болған жоқ. Алайда олардың қымбатырақ болатыны ескертілген.
Айта кетейік, осыған дейін Шакираның Қазақстанға келуі мүмкін екені туралы жазған едік.