Қазақстандық екі гимнаст Азия ойындарының финалына шықты

Жарияланды 1 Қазан 2026 15:59

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Никита Басов / Olympic.kz

Қазақстандық гимнастшылар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан көпсайыс финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Іріктеу кезеңінде спортшылар доп, ұршық, таспа және шығыршықпен орындалатын жаттығуларда өнер көрсетті.

Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева 111,350 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде бірінші орын алды. Қазақстандық гимнаст басты қарсыластарының бірі өзбекстандық Тахмина Икромовадан төрт ұпайға басым түсті.

Икромова 106,950 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы 106,550 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша Қазақстанның екі гимнастшысы да Азия ойындарының жүлделері сарапқа салынатын шешуші кезеңге өтті.

Көркем гимнастикадан көпсайыс финалы 3 қазанда Қазақстан уақытымен сағат 09:00-де басталады.

Бұған дейін, Азия ойындарында Милад Карими спорттық гимнастикадан күміс алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз