Алматыда ер адам пәтерінен өлі табылды

Алматы қаласы Әуезов ауданының «Жетісу» шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қалалық полиция департаменті баспасаөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы ер адам өлі табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жетті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықтаып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Тәртіп сақшыларының алдын ала анықтауынша, марқұм соңғы бірнеше айда өміріндегі күрделі кезеңді бастан өткерген.
«Қазіргі таңда мамандар оның өмір сүру салтын, араласқан ортасын және осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де жайттарды зерттеп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша болған оқиғаның толық көрінісі анықталады», – деп түйіндеді полиця.
Бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында 71 жастағы қария өзіне қол жұмсаған.