Алматыдағы пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласы Әуезов ауданының «Жетісу» шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
«Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жетті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықтаып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Тәртіп сақшыларының алдын ала анықтауынша, марқұм соңғы бірнеше айда өміріндегі күрделі кезеңді бастан өткерген.
«Қазіргі таңда мамандар оның өмір сүру салтын, араласқан ортасын және осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де жайттарды зерттеп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша болған оқиғаның толық көрінісі анықталады», – деп түйіндеді полиця.
Бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында 71 жастағы қария өзіне қол жұмсаған.