Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары көп табыс табады (инфографика)

Қазақстанда айына ең көп және ең аз табыс табатын өңірлер анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ең көп табыс табатын өңір
Статистика бюросының 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы дерегіне сүйенсек, қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіш Астанада тіркелді – 591 мың теңге. Одан кейін Алматы қаласы – 531 мың теңге. Шығыс Қазақстан облысының қалаларында жан басына шаққандағы табыс 572,7 мың теңге, Қарағанды облысында 558 мың теңге, Ұлытау облысында 517,3 мың теңге болды.
Ал ауылдық жерлерде көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы Шығыс Қазақстан облысында 358,2 мың теңге, Павлодар облысында 360,9 мың теңге, Ақмола облысында 355,6 мың теңге, Алматы облысында 340,5 мың теңге болды.
Ең төмен көрсеткіш Жетісу облысының ауылдық жерлерінде тіркелді – 240,3 мың теңге. Түркістан облысында ауыл тұрғындарының табысы 244 мың теңге, Жамбыл облысында 278,7 мың теңге болды.
Ең көп және ең аз
табыс алатын өңірлер анықталды
Ең жоғары табыс көрсеткіштері
Қалалықтар көбірек табыс табады
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қаңтар-наурыз айларында қала тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 449,5 мың теңге болды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 311,6 мың теңгені құрады.
Осылайша, қала мен ауыл арасындағы айырмашылық 137,9 мың теңге, яғни қала тұрғындарының көрсеткіші ауыл тұрғындарынан шамамен 44,3%-ға артық.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіш – 399,8 мың теңге.
Қай өңір тұрғындары азық-түлікке көбірек қаржы жұмсайды?
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда бір адамға шаққандағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 165,4 мың теңге болды. Қала тұрғындарында бұл көрсеткіш 180,8 мың, ауыл тұрғындарында 138 мың теңге болды.
Қазақстанда азық-түлікке
қай өңір көп жұмсайды?
Бір адамға шаққандағы азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығын өңірлер бойынша әртүрлі.
Ең көп жұмсайтын өңірлер
Қала мен ауылдағы шығын
Ең аз жұмсайтын өңірлер
Қалада азық-түлікке ең көп шығын Шығыс Қазақстан облысында – 247,2 мың теңге. Одан кейін Алматы (221,8 мың) және Жетісу облыстары (199 мың) тұр. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 119,9 мың теңге.
Ауылдық жерлер бойынша ең көп шығын Жетісу облысында – 191,2 мың теңге. Маңғыстау (154,5 мың) мен Алматы облысы (154 мың) кейінгі орындарда. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында – 119,5 мың теңге.
Оқи отырыңыз: Ауылға қарағанда қала халқы жыл басынан бері 5 есе өсті (инфографика)