Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары көп табыс табады (инфографика)

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалды

Қазақстанда айына ең көп және ең аз табыс табатын өңірлер анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ең көп табыс табатын өңір

Статистика бюросының 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы дерегіне сүйенсек, қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіш Астанада тіркелді – 591 мың теңге. Одан кейін Алматы қаласы – 531 мың теңге. Шығыс Қазақстан облысының қалаларында жан басына шаққандағы табыс 572,7 мың теңге, Қарағанды облысында 558 мың теңге, Ұлытау облысында 517,3 мың теңге болды.

Ал ауылдық жерлерде көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы Шығыс Қазақстан облысында 358,2 мың теңге, Павлодар облысында 360,9 мың теңге, Ақмола облысында 355,6 мың теңге, Алматы облысында 340,5 мың теңге болды.

Ең төмен көрсеткіш Жетісу облысының ауылдық жерлерінде тіркелді – 240,3 мың теңге. Түркістан облысында ауыл тұрғындарының табысы 244 мың теңге, Жамбыл облысында 278,7 мың теңге болды.

Курсив — Қазақстандағы халық табысы
2026 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫ

Ең көп және ең аз
табыс алатын өңірлер анықталды

Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы бойынша қала мен ауыл арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
🏙 ҚАЛА
449 522 ₸
Бір адамға шаққандағы орташа ақшалай табыс
VS
🌾 АУЫЛ
311 582 ₸
Бір адамға шаққандағы орташа ақшалай табыс
+137 940 ₸ Қала тұрғындарының табысы ауылға қарағанда 44,3%-ға жоғары

Ең жоғары табыс көрсеткіштері

🏙 Қалалық жерлерде
1. Астана 590 996 ₸
2. ШҚО 572 698 ₸
3. Қарағанды облысы 557 968 ₸
4. Алматы 531 004 ₸
5. Ұлытау облысы 517 280 ₸
🌾 Ауылдық жерлерде
1. Маңғыстау облысы 368 999 ₸
2. Павлодар облысы 360 892 ₸
3. ШҚО 358 240 ₸
4. Ақмола облысы 355 625 ₸
5. Алматы облысы 340 547 ₸
Ауылдағы ең төмен көрсеткіш
240 295 ₸
Жетісу облысы
Ауылдағы екінші төмен көрсеткіш
244 016 ₸
Түркістан облысы
399 819 ₸
Қазақстан бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс
590 996 ₸
Қаладағы ең жоғары көрсеткіш — Астана
240 295 ₸
Ауылдағы ең төмен көрсеткіш — Жетісу
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы. 2026 жылдың I тоқсаны. Көрсеткіш — халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы.

Қалалықтар көбірек табыс табады

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қаңтар-наурыз айларында қала тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 449,5 мың теңге болды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 311,6 мың теңгені құрады.

Осылайша, қала мен ауыл арасындағы айырмашылық 137,9 мың теңге, яғни қала тұрғындарының көрсеткіші ауыл тұрғындарынан шамамен 44,3%-ға артық.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіш – 399,8 мың теңге.

Қай өңір тұрғындары азық-түлікке көбірек қаржы жұмсайды?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда бір адамға шаққандағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 165,4 мың теңге болды. Қала тұрғындарында бұл көрсеткіш 180,8 мың, ауыл тұрғындарында 138 мың теңге болды.

2026 ЖЫЛ

Қазақстанда азық-түлікке
қай өңір көп жұмсайды?

Бір адамға шаққандағы азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығын өңірлер бойынша әртүрлі.

ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ОРТАША ШЫҒЫН
165,4 мың ₸
Бір адамға шаққанда азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын орташа шығын.
🏙️
ҚАЛА
180,8 мың ₸
🏡
АУЫЛ
138,0 мың ₸
📊
Қала мен ауыл арасындағы бір адамға шаққандағы айырмашылық
+42,8 мың ₸

🏙️ Ең көп жұмсайтын өңірлер

Бір адамға шаққандағы шығын
1
Алматы қаласы
221,8 мың ₸
2
Шығыс Қазақстан облысы
211,6 мың ₸
3
Жетісу облысы
199,0 мың ₸
4
Қарағанды облысы
177,6 мың ₸
5
Павлодар облысы
177,2 мың ₸

🏠 Қала мен ауылдағы шығын

Қала
🏙️
180,8 мың ₸
Бір адамға шаққандағы орташа шығын
Ауыл
🏡
138,0 мың ₸
Бір адамға шаққандағы орташа шығын

↓ Ең аз жұмсайтын өңірлер

ЕҢ ТӨМЕН КӨРСЕТКІШ
Қызылорда облысы
127,1 мың ₸
2-ОРЫН
Түркістан облысы
128,0 мың ₸
3-ОРЫН
Батыс Қазақстан облысы
134,4 мың ₸
4-ОРЫН
Атырау облысы
140,1 мың ₸
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы

Қалада азық-түлікке ең көп шығын Шығыс Қазақстан облысында – 247,2 мың теңге. Одан кейін Алматы (221,8 мың) және Жетісу облыстары (199 мың) тұр. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 119,9 мың теңге.

Ауылдық жерлер бойынша ең көп шығын Жетісу облысында – 191,2 мың теңге. Маңғыстау (154,5 мың) мен Алматы облысы (154 мың) кейінгі орындарда. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында – 119,5 мың теңге.

Оқи отырыңыз: Ауылға қарағанда қала халқы жыл басынан бері 5 есе өсті (инфографика)

Сондай-ақ оқыңыз