
Жұлдыз Әбдікәрімова сұлулығы мен сымбатын сақтаудың сырын ашты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Актрисаның айтуынша, сымбатын сақтау үшін ешқандай арнайы диета ұстамайды.
«Арнайы тамақ жеген емеспін. Калория санап та көрген емеспін. Бірақ не болса, соны жемеймін. Артық мөлшер тұрмақ, тыңқия тойып, тамақтанбаймын. Аз-аздан, бірақ, қалағанымды жей беремін. Оның үстіне, үнемі дәрумендерді үзбеймін», – деді Қайрат Нұртастың жары.
Сондай-ақ Жұлдыз Әбдікәрімова әдемі фигураны сақтау үшін қыз-келіншектерді ұдайы қозғалыста болуға шақырды.
«Ең әуелі, қимылда болса керек. Ешқашан арсыз ұйқыға беріліп көрген емеспін. Үнемі спортпен шұғылданбасам да, жұмыс барысымен қимыл азайған емес. «Ертең не істеймін» деп емес, келесі айдың әр күні жоспарлы болғанын ұнатамын», – деді актриса.
Сосын, ең соңғы кеңес, тоңазытқыштың есігін бей-берекет ашпау, ас үйге жиі жоламау қажет.
Айта кететін жайт, Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасаған болатын.