АҚШ елшісі Yenlik-пен бірге қазақ тілінде ән айтты (видео)

Жарияланды 8 Қазан 2026 11:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қазақстандық әнші Yenlik-пен бірге танымал «Meili» әнін орындады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бейнежазба қазақтың ұлттық нақышында түсірілген. Елші мен әнші әннің бір бөлігін киіз үйдің ішінде, қалғанын далада орындаған.

«Meili» – Yenlik-тің ең танымал әндерінің бірі. 2025 жылдың қыркүйегінде жарық көрген композиция әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, миллиондаған қаралым жинады. Ән шетелдік тыңдармандар арасында да танымал болды.

Айта кетейік, Джули Стаффт бұған дейін де қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан. Ол отбасымен бірге домбыра сабағына қатысып, ұлттық аспапта ойнап көрген.

Джули Стаффт 2025 жылғы 7 қазанда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне ресми түрде кірісті. Бұған дейін ол АҚШ-тың Ресей, Молдова, Джибути, Эфиопия және Польшадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде түрлі қызмет атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз