
Ерке Есмахан канадалық әнші Селин Дионды қартайды деп жазба қалдырғандарды блоктап тастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстандық әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
«Селин Дионды қартайып кетті деп коммент қалдырғандардың бәрін блокқа жібердім. Селиннің бойында көзге түсетін қаншама қызығарлық тұстары бар. Бірақ соны байқау қиынға соғатын сияқты кейбір адамдарға. Мысалы, сіз қартаймай, әжім түспей, жастай өмірден өтесің немесе қартайып, немере-шөбере сүйіп, 100 жасайсың, таңдау сенде десе, қайсысын таңдар едіңіз?», – деп сауал тастады Ерке Есмахан.
Қазақстандық әнші Селин Дионның 58 жасқа келгенін, ауыр дертпен күрескенін алға тартты.
«Көзі жанып тұр, дауысы орнында, фигурасы қалпында, билеп, секіріп жүр. Білмеймін, әдемілікті тек менің көзім ғана көретін шығар. Қартаю – өмірдің заңдылығы», – деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кететін жайт, әнші 9 әннен тұратын жаңа «Дауыс» атты альбомын шығарған болатын.