Қазақстандықтар Еуропаның 3 еліне визасыз қызметтік паспортпен бара алады

Жарияланды 12 Қазан 2026 19:08

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Визасыз
Қазақстандықтар Еуропаның 3 еліне визасыз қызметтік паспортпен бара алады / Фото: Shutterstock

1 қарашадан бастап Қазақстан азаматтары қызметтік паспортпен Бельгия, Нидерланд және Люксембургке визасыз бара алады, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Бельгияның федералдық министрі Жан-Люк Крюкенің айтуынша, визасыз сапарға қатысты Бенилюкс хаттамасы 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Бельгияның сыртқы істер министрліктері 2029 жылға дейінгі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын жол картасын қабылдауды жоспарлап отыр.

Кездесу аясында екі елдің компаниялары, университеттері мен мекемелері арасында бірқатар келісімге қол қою көзделген.

Жан-Люк Крюкенің мәліметінше, соңғы он жылда Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара сауда көлемі үш есе өскен. Ал Бельгияның Қазақстанға салған инвестициясы 10 млрд доллардан асқан.

Тараптар көлік және логистика, маңызды шикізат, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және жаңартылатын энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Министр Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланысты дамытуда Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызын да атап өтті.

Айта кетейік, Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайтыны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз