
Қыркүйек айында депозит көлемі 1,3 трлн теңгеге өсіп, 50,2 трлн теңгеден 51,5 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Соның ішінде 41,9 трлн теңгесі ұлттық валютада сақталса, 9,6 трлн теңгесі шетел валютасында сақталған.
51,5 трлн теңге депозиттің 22,9 трлн теңгесі – банктерден басқа компаниялардың қаржысы болса, 28,6 трлн теңгесі – халықтың жинаған ақшасы.
Халық ақшасын қай валютада сақтайды?
Ұлттық банк есебіне сәйкес, депозиттік шоттарда халықтың 28,6 трл теңгесі жатыр. Соның 24,5 трлн теңгесі – ұлттық валютада сақталған. Ал 4,1 трлн теңгесі – шетел валютасында ашылған допозитте жиналған қаражат.
Халықтың теңгедегі депозитіндегі ақша бір айда 387 трлн теңгеге өскен. Ал шетел валютасында депозит, керісінше, бір айда 322 млрд теңгеге азайып кеткен.
Бизнестің қанша ақшасы бар
Ал бизнес өкілдерінің 22,8 трлн теңге депозитінің 17,3 трлн теңгесі – ұлттық валютада сақталған. Қалғаны валютамен ашылған депозитте жатыр.
Компаниялар теңгедегі депозитін бір айда 16,8 трлн теңгеден 17,3 трлн теңгеге жеткізген.
Ал шетел валютасындағы депозиттері қайта өсіп, 4,8 трлн теңгеден 5,5 трлн теңгеге жетті. Тамыз айында бизнестің шетел валютасында депозиті күрт азайып кеткен еді.
2026 жылдың 1 қазанынан шетел валютасындағы кейбір депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі 1%-дан 2,5 пайызға дейін көтерілмек. Дегенмен сарапшылар халық пен бизнестің өз жинағын доллар мен еурода сақтауға ниеті жоқ екенін айтады.