
Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтер Tik-tok трендіне ілесіп, бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Онда Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтер би билейді. Сосын Баян жүгіріп келіп, Тұрсынғалидің құшағына кіреді. Алагөзов жұбайын көтеріп алып, шыр айналады. Осы сәтте «Қатон деп соқсын жүрегің» деген ән ойнайды.
Бұл қазір Tik-tok трендке айналып тұр. Түпнұсқасы – Еркебұлан мен Бауыржан шырқайтын «Елім деп соқсын жүрегің» деген ән. Бұл әнді шығысқазақстандықтардың бірі жасанды интеллект арқылы «Қатон деп соқсын жүрегің» деп өзгерткені әлеуметтік желіде тараған еді.
Бір қарағанда, «Қатон» сөзі «қатын» сөзі секілді естіледі. Сондықтан қазақстандық әйелдер күйеулерімен бірге әзіл бейнежазбалар түсіріп, бірінен кейін бірі жариялай бастады. Бұл трендке Қазақстандағы танымал отбасылардың бірі Баян мен Тұрсын Алагөзовтер де қосылды.
Бейнежазбаның астына Баян Алагөзова: «Мен деп соқсын жүрегің» деген жазба қалдырған.
Айта кететін жайт, Қазақстанда «Қазақ аруы – 2026» ұлттық сұлулық байқауының кастингі аяқталды. Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастыратын байқаудың финалына еліміздің әр өңірінен 22 ару жолдама алды.