Таңғы дайджест: сыртқы сауда, депозиттер және KASE

Жарияланды 16 Қазан 2026 08:03

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
доллар мен теңге
Фото: shutterstock

15 қазанда Kursiv.Media-да экономика мен қаржы бойынша бірқатар материал шықты. Соның ішінде сыртқы сауда айналымының 103 млрд долларға жуықтауы, депозиттердің 51,5 трлн теңгеге жетуі, «Банк ЦентрКредиттің» buyback-ы, Solidcorе компаниясының 1,2 млрд доллар акциясын сатып алуы, «Самұрық-Қазынаның» 1,5 млрд доллар облигациялық бағдарламасы және «Ұмай» ипотекасына 20 млрд теңге бөлу бар.

15 қазанда теңге әлсіреуін жалғастырды: KASE-дегі USD/KZT жұбы бойынша қорытынды орташа бағам 453,91 теңге болып, бір күнде 2,70 теңгеге өсті.

KASE индексі керісінше 0,69% өсіп, 7 830,68 тармаққа жетті. Air Astana (AIRA, +2,8%) мен «Банк ЦентрКредит» (CCBN, +1,6%) акциялары қымбаттаса, ал «Қазатомөнеркәсіп» (KZAP) бағалы қағазы 0,7% төмендеді.

НАРЫҚТАР

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

СОҢҒЫ ЖАБЫЛУ 15 ҚАЗАН 2026
USD / KZT
453,91 ₸
▲ 2,70 ₸ KASE
АЛТЫН
$4 174,90
▲ 1,6% SPOT
BRENT
$105,92
▼ 0,1% баррель
BITCOIN
$82 309
▲ 0,8% BTC/USD
KASE ИНДЕКСІ
7 830,68
▲ 0,69% Қазақстан
S&P 500
7 744,06
▲ 0,33% АҚШ
NASDAQ
26 713,03
▲ 0,08% Composite

Қор нарығы

KASE акциялары · 15 қазан
AIRAAir Astana
687,02 ₸
+2,8%
CCBNБанк ЦентрКредит
5 100,00 ₸
+1,6%
KZTOҚазТрансОйл
1 315,90 ₸
+0,8%
KSPIKaspi.kz
43 200,00 ₸
+0,8%
HSBKHalyk Bank
373,10 ₸
+0,6%
KMGZҚазМұнайГаз
35 778,93 ₸
+0,4%
KZTKҚазақтелеком
44 830,00 ₸
+0,4%
KEGCKEGOC
1 446,00 ₸
+0,03%
KCELKcell
3 169,90 ₸
−0,2%
KZAPҚазатомөнеркәсіп
28 498,99 ₸
−0,7%

БЕЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы және бизнес
15 ҚАЗАН 2026
01
СЫРТҚЫ САУДА

Қазақстанның сыртқы саудасы $103 млрд-қа жуықтады

Қаңтар–тамызда сауда айналымы 12,8% өсіп, экспорт $60,4 млрд, импорт $42,6 млрд болды.

ОҚЫҢЫЗ
02
ДЕПОЗИТ

Халық пен бизнестің депозиті 51,5 трлн теңгеге жетті

Қыркүйекте банктердегі депозит көлемі бір айдың ішінде 1,3 трлн теңгеге өсті.

ОҚЫҢЫЗ
03
ҚОР НАРЫҒЫ

Банк ЦентрКредит тағы 915 мың акциясын кері сатып алды

Банк KASE-дегі арнайы саудада өз акцияларын 4 399 теңгеден сатып алып, мәміле көлемін шамамен 4 млрд теңгеге жеткізді.

ОҚЫҢЫЗ
04
АЛТЫН

Solidcore $1,2 млрд-қа акцияларын кері сатып алды

Компания 103 млн-нан астам акцияға өтінім қабылдап, бір қағаз үшін $11,66 төледі.

ОҚЫҢЫЗ
05
ҚАРЫЗ НАРЫҒЫ

«Самұрық-Қазына» $1,5 млрд қарыз тартпақ

Қор юаньмен үш, бес және он жылдық облигациялар орналастырып, қаражатты корпоративтік мақсаттарға жұмсамақ.

ОҚЫҢЫЗ
06
ИПОТЕКА

«Ұмай» ипотекасына тағы 20 млрд теңге бөлінеді

Азия даму банкі Отбасы банкке екінші траншты мақұлдады, ал өтінім қабылдау күні кейін жарияланады.

ОҚЫҢЫЗ
07
ЭНЕРГЕТИКА

Қашағандағы газ зауыты 2027 жылы іске қосылуы мүмкін

Қуаты жылына 1 млрд текше метр болатын алғашқы зауыттың құны шамамен $1 млрд, құрылысы келесі жылы аяқталуы ықтимал.

ОҚЫҢЫЗ
08
ҚЫТАЙ

Кей өңірлер экспортының жартысынан астамы Қытайға тәуелді

Абай облысының экспортындағы Қытай үлесі 82%, Павлодарда 55%, Қызылорда облысында 52% болды.

ОҚЫҢЫЗ
09
МҰНАЙ

Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан бағытымен мұнай экспортын арттырмақ

Қазақстан Каспий арқылы өтетін балама экспорт бағытының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

ОҚЫҢЫЗ
10
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы цифрлық дәлізді іске қосты

Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық талшықты-оптикалық желі Азия мен Еуропа арасындағы деректер транзитін кеңейтеді.

ОҚЫҢЫЗ

АҚШ нарығы бір күнде айтарлықтай құлдырап барып, қайта көтерілді: S&P 500 индексі 0,33% өсіп, 7 744,06, Nasdaq Composite шамамен 0,1% өсіп, 26 713,03 тармақпен жабылды. Brent маркалы мұнай бағасы – 105,92 доллар, алтын унциясын шамамен – 4 170-4 175 доллар, ал Bitcoin бағасы 82,3 мың доллар маңында болды.

Сондай-ақ оқыңыз