Елдің қай өңірлері Қытаймен тығыз сауда жасайды (карта)

Жарияланды 15 Қазан 2026 17:10

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: Kursiv Media

2026 жылдың қаңтар–тамызында Қытай Қазақстанның сыртқы саудасындағы негізгі серіктестердің бірі болып қалды. Ел бойынша Қытайдың импорттағы үлесі шамамен 30%, ал экспорттағы үлесі 18% болды, деп жазады Kursiv.Media.

Бірақ өңірлер бойынша айырмашылық өте үлкен. Импортта Қытайға тәуелділік ең жоғары өңір – Жетісу облысы, мұнда Қытайдың үлесі 77%-ға жеткен. Одан кейін Жамбыл облысы – 46%, Түркістан облысы – 42%, Қызылорда облысы – 39%. Алматыда Қытай импортының үлесі 32%, Астанада – 25%, Шымкентте – 35%.

🇨🇳 СЫРТҚЫ САУДА · ЕЛ × ӨҢІР

Қытай: өңірлер импортындағы үлесі

2026 · қаңтар–тамыз · Қазақстан бойынша 30% · Қытай импорты $12,68 млрд · 1 өңірде 50%-дан жоғары

<10% 10–25% 25–40% 40–50% 50%+
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы, өңірлік кестелер · үлес = ел / өңірдің жалпы импорты

Экспортта жағдай басқаша. Қытайдың үлесі ең жоғары өңір – Абай облысы: 82%. Павлодар облысында көрсеткіш 55%, Қызылорда облысында 52% болды. Яғни осы өңірлердің экспорттық түсімінде Қытай нарығының рөлі айрықша жоғары.

🇨🇳 СЫРТҚЫ САУДА · ЕЛ × ӨҢІР

Қытай: өңірлер экспортындағы үлесі

2026 · қаңтар–тамыз · Қазақстан бойынша 18% · Қытай экспорты $10,65 млрд · 3 өңірде 50%-дан жоғары

<10% 10–25% 25–40% 40–50% 50%+
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы, өңірлік кестелер · үлес = ел / өңірдің жалпы экспорты

Сонымен қатар кей өңірлерде Қытайдың экспорттағы үлесі өте аз. Мәселен, Атырау облысында небәрі 1,5%, Маңғыстау облысында 1%-дан төмен, Жамбыл облысында 4% шамасында.

Бұл карта Қытаймен сауданың Қазақстан бойынша біркелкі бөлінбегенін көрсетеді: бір өңірлер Қытайдан тауар сатып алуға көбірек тәуелді болса, енді бір өңірлер үшін Қытай негізгі экспорт нарығына айналған.

Тағы да оқыңыз →
Қазақстан сегіз айда 100 млрд доллардан астам сауда жасады
Сондай-ақ оқыңыз