
24 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар мен теңге жұбы бойынша сауда көлемі 870,45 млн долларға жетті. Бұл қазан айындағы орташа күндік көрсеткіштен 2,2 есе көп. Сауда көлемі ұлғайған күні доллар да қымбаттап, орташа өлшенген бағамы 459,43 теңгеге жетті.
Сауда көлемі бір күнде 69%-ға өсті
Дүйсенбіде биржада 513,82 млн доллар саудаланса, сейсенбіде бұл көрсеткіш 356,63 млн долларға, яғни 69,4%-ға артты. Сол аралықта доллардың орташа өлшенген бағамы 455,09 теңгеден 459,43 теңгеге көтерілді. Бір сауда күнінде доллар 4 теңге 34 тиынға қымбаттады.
Қазанда күніне орта есеппен 397 млн доллар саудаланды
Ұлттық банк дерегінше, доллар саудасының орташа күндік көлемі қыркүйектегі 474 млн доллардан қазанда 397 млн долларға дейін азайған. Ал 24 қарашадағы сауда көлемі қазан айының күндік орташа көрсеткішінен 473,45 млн долларға асып түсті.