Цифрлық жүйе арқылы 70 мыңнан астам тауардың отандық өнім екені расталды

Жарияланды 20 Қазан 2026 10:10

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
тауар продукт дүкен магазин
Отандық тауарлардың тізілімі 70 мыңнан асты / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

2026 жылдың басынан бері қазақстандық тауар өндірушілердің жаңартылған тізілімі жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде өндірушілерден 49,9 мыңнан астам өтінім түсіп, 71 865 тауардың Қазақстанда өндірілгені расталды, деп жазады Kursiv.Media.

Жаңа жүйенің басты ерекшелігі отандық өндірушілер туралы мәліметтерді цифрлық форматта автоматты түрде тексереді. Ол үшін кәсіпорындар 26 түрлі көрсеткіш бойынша бағаланады. Олардың қатарында жұмысшылар саны, коммуналдық шығындар, шикізат сатып алу көлемі және салық төлемдері бар.

Жүйе бұл деректерді адамның араласуынсыз өңдейді. Бұл тексеру кезінде субъективті шешімдер қабылдау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Тексеру кәсіпорын тізілімге алғаш рет тіркелген кезде ғана емес, әр тоқсан сайын да жүргізіледі. Осылайша, өндірушілердің қызметі тұрақты бақылауда болады. 2026 жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша 21 өндірушінің жұмыс көрсеткіштері төмен екені анықталды.

Соның ішінде екі тоқсан қатарынан талаптарға сай келмеген 7 кәсіпорын тізілімнен шығарылды.Министрлік цифрлық тексеру жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Негізгі мақсат  мемлекеттік қолдау мен жеңілдіктерді нақты жұмыс істеп тұрған және талаптарға сай келетін отандық өндірушілерге беру.

Ал Қазақстан азық-түлікпен өзін қашан толық қамтамасыз ететінін мына жерден біле аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз