Марапаттың төресі: Қазақстанның Халық қаһармандары – толық интерактивті инфографика

Жарияланды 22 Қазан 2026 09:00

Ерлан Ысқақов

Ерлан Ысқақов

Аға журналист ye.iskakov@kursiv.media
Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Kursiv.Media коллажы, бильд-редактор: Дастан Шанай

Еліміздің айтулы тұлғаларына мемлекеттік марапаттар табысталатын кезекті мереке күндері жақын. Сондай марапаттар арасында орны бөлек, дәрежесі айрықша бір құрмет белгісі бар, ол – «Халық қаһарманы» атағы. Kursiv.Media редакциясы қазір бар ашық деректерді шолып, осы атақты алған қайраткерлердің толық базасын әзірлеп, оқырман назарына ұсынады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанның «Халық қаhарманы» атағын 39 азамат алған. Алғаш алған тұлға – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов (1994 жылы алған). Биыл, қайтыс болғанына 52 жыл толғанда, бұл атақты Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсеткен қазақ офицері Кенжебай Мәденовке (1925-1974) берді.

Төмендегі интерактивті инфографика кестесіне жинақталған мәліметтерді тиісті сұрау белгілері бойынша сұрыптап көруге болады.

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ

1994–2026 39 қаһарман
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ — Алтын жұлдыз, фонсыз иллюстрация
Сағадат Нұрмағамбетов01 1924–2013 Әскер генералы Сағадат Нұрмағамбетов атақ алған күні Толығырақ

Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. «Халық қаһарманы» атағын бірінші алған тұлға.

Ахат Күленов02 1932–2007 Ғалым, ұйымдастырушы Ахат Күленов атақ алған күні Толығырақ

Металлург, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының басшысы. Қазақстанның металлургия өндірісін дамытуға үлес қосқан.

Александр Христенко03 1936–2003 Ғалым, ұйымдастырушы Александр Христенко атақ алған күні Толығырақ

Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы, Қарағанды облысындағы кеңшар-институттың бас директоры.

Тоқтар Әубәкіров04 1946 Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров атақ алған күні Толығырақ

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (1991), сынақшы-ұшқыш.

Талғат Мұсабаев05 1951–2025 Ғарышкер Талғат Мұсабаев атақ алған күні Толығырақ

Ұшқыш-ғарышкер. Ғарышқа үш рет ұшып, халықаралық ғарыш бағдарламаларына қатысты.

Юрий Маленченко06 1961 Ғарышкер Юрий Маленченко атақ алған күні Толығырақ

Ресейлік ұшқыш-ғарышкер. Талғат Мұсабаевпен бірге «Мир» станциясына жасалған 1994 жылғы экспедицияға қатысты.

Қасым Қайсенов07 1918–2006 Соғыс ардагері Қасым Қайсенов атақ алған күні Толығырақ

Әйгілі партизан, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры.

Алексей Кулаков08 1922–2015 Соғыс ардагері Алексей Кулаков атақ алған күні Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері, Днепр үшін шайқастардағы ерлігімен танылған.

Мөрдін Тайыпов09 1918–1998 Соғыс ардагері Мөрдін Тайыпов атақ алған күні Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері. Еуропаны азат ету шайқастарына және Жапонияға қарсы соғысқа қатысты.

Мұхтар Әлиев10 1933–2015 Ғалым, ұйымдастырушы Мұхтар Әлиев атақ алған күні Толығырақ

Хирург, академик, клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Аким Атмачиди11 1937–2013 Ғалым, ұйымдастырушы Аким Атмачиди атақ алған күні Толығырақ

Құрылыс саласының ұйымдастырушысы. Семей құрама темірбетон өндірістік бірлестігін басқарды.

Шапық Шөкин12 1912–2003 Ғалым, ұйымдастырушы Шапық Шөкин атақ алған күні Толығырақ

Қазақстанда энергетика ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, академик.

Роза Бағланова — пошта маркасындағы портрет13 1922–2011 Өнерпаз Роза Бағланова атақ алған күні Толығырақ

Әнші, КСРО халық әртісі.

Сурет: пошта маркасындағы портрет.

Қайрат Рысқұлбеков14 1966–1988 Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбеков атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы. Тәуелсіздік жолындағы азаматтық ерліктің символына айналған.

Бақтыораз Бейсекбаев15 1920–1941 Соғыс ардагері Бақтыораз Бейсекбаев атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Бомбалаушы ұшақтың атқыш-радисі. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндеріндегі әуе шайқасында қаза тапқан.

Нұрғиса Тілендиев — пошта маркасындағы портрет16 1925–1998 Өнерпаз Нұрғиса Тілендиев атақ алған күні Толығырақ

Композитор, дирижер, домбырашы. «Отырар сазы» оркестрін құрып, қазақ музыкасына мол мұра қалдырды.

Сурет: пошта маркасындағы портрет.

Рақымжан Қошқарбаев17 1924–1988 Соғыс ардагері Рақымжан Қошқарбаев атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ офицері.

Әзірбайжан Мәмбетов18 1932–2009 Өнерпаз Әзірбайжан Мәмбетов атақ алған күні Толығырақ

Театр және кино режиссері, КСРО халық әртісі. Қазақ кәсіби театрының дамуына елеулі үлес қосқан.

Хиуаз Доспанова19 1922–2008 Соғыс ардагері Хиуаз Доспанова атақ алған күні Толығырақ

Әскери ұшқыш, штурман. Түнгі бомбалаушы авиация полкінің құрамында майдан тапсырмаларын орындаған.

Мәулен Қалмырза20 1919–2005 Соғыс ардагері Мәулен Қалмырза атақ алған күні Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, ағартушы.

06.05.2005 — награданы тапсыру күні. Жарлықтың нақты күні мен нөмірі жеке расталмады.

Александр Капорин21 1924–2007 Соғыс ардагері Александр Капорин атақ алған күні Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері, артиллерист, Даңқ орденінің толық иегері.

06.05.2005 — награданы тапсыру күні. Жарлықтың нақты күні мен нөмірі жеке расталмады.

Мұхтар Алтынбаев22 1945 Әскер генералы Мұхтар Алтынбаев атақ алған күні Толығырақ

Армия генералы, Қазақстанның Қорғаныс министрі.

Азамат Жұмаділов23 1984 Құтқарушы Азамат Жұмаділов атақ алған күні Толығырақ

Аэроұтқыр әскер офицері. 2007 жылы Үштөбеде өртке оранған үйден екі баланы және олардың анасын құтқарып, ерен ерлігімен танылған.

Бақытжан Ертаев24 1952 Әскер генералы Бақытжан Ертаев атақ алған күні Толығырақ

Генерал-лейтенант, Ауған соғысының ардагері. Қазақстан Қарулы күштерінде басшылық қызметтер атқарған.

Ғазиз Байтасов25 1971–2011 Құтқарушы Ғазиз Байтасов атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Полиция капитаны. 2011 жылы Таразда террористі ұстау кезінде адамдардың өмірін қорғап, қаза тапқан.

Айдын Айымбетов26 1972 Ғарышкер Айдын Айымбетов атақ алған күні Толығырақ

Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері. 2015 жылы Халықаралық ғарыш станциясына ұшып, ғылыми зерттеулер жүргізген.

Дмитрий Родин27 1961 Құтқарушы Дмитрий Родин атақ алған күні Толығырақ

Азаматтық авиация ұшқышы. 2016 жылы Fokker-100 ұшағын алдыңғы шассиі ашылмаған күйде қауіпсіз қондырған.

Қайрат Үмбетов28 1977 Құтқарушы Қайрат Үмбетов атақ алған күні Толығырақ

Ұлттық ұлан офицері. 2016 жылы жаттығу кезінде гранатадан сарбазды денесімен қорғап, ерлік көрсеткен.

Нұрсұлтан Назарбаев29 1940 Президент Нұрсұлтан Назарбаев атақ алған күні Толығырақ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 2019 жылғы №1 Жарлықпен марапатталған; 2012 жылғы заңда мәртебесі бойынша осы атақты иеленуі де көзделген еді.

Мейіржан Айманов30 1976–2021 Құтқарушы Мейіржан Айманов атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Азаматтық қорғау полковнигі. Жамбыл облысындағы әскери қойма өрті мен жарылыс кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, қаза тапқан.

Төлеуғали Әбдібеков31 1916–1944 Соғыс ардагері Төлеуғали Әбдібеков атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Панфилов дивизиясының мергені. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі ресми түрде жоғары бағаланған.

Александр Несмиянов32 (1912–?) Соғыс ардагері Александр Несмиянов атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Майор, атқыштар батальонының командирі. Қырым мен Шығыс Пруссия бағытындағы шайқастарда ерлік көрсеткен.

Қайтыс болғанын растайтын сенімді дерек табылмады. Атақтың оған қайтыс болған соң берілгені тиісті жарлықта көрсетілген.

Ыбырайым Сүлейменов33 1911–1943 Соғыс ардагері Ыбырайым Сүлейменов атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Ұлы Отан соғысының даңқты снайпері, старшина.

Қайырбек Сүлейменов34 1949 Құтқарушы Қайырбек Сүлейменов атақ алған күні Толығырақ

Ішкі істер органдарының ардагері, генерал-полковник, Қазақстанның Ішкі істер министрі (1995–2000, 2002–2003).

Әбдіғали Қаймолдин35 1921–2025 Соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдин атақ алған күні Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер.

Иван Гапич36 1923–2026 Соғыс ардагері Иван Гапич атақ алған күні Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері, 1945 жылғы Мәскеудегі Жеңіс парадының қатысушысы. Соғыстан кейін прокуратура органдарында қызмет атқарған.

Сәт Тоқпақбаев37 1939 Әскер генералы Сәт Тоқпақбаев атақ алған күні Толығырақ

Генерал-полковник, мемлекет қайраткері. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қорғаныс министрлігін басқарған.

Бауыржан Момышұлы — пошта маркасындағы портрет38 1910–1982 Соғыс ардагері Бауыржан Момышұлы атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Даңқты қолбасшы, полковник, жазушы, Кеңес Одағының Батыры.

Сурет: пошта маркасындағы портрет.

Кенжебай Мәденов39 1925–1974 Соғыс ардагері Кенжебай Мәденов атақ алған күні қайтыс болған соң берілді Толығырақ

Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлин ратушасына Жеңіс туын тіккен жауынгер.

Туған жылы ҰҚК ардагерлері басылымы бойынша — 1925. Кейбір жинақтарда 1927 жыл көрсетілген.

Фотолар ашық дереккөздерден алынды.
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы, Kursiv Media.

Марапаттың төресі

Халық қаһарманы – әуелде, 1993 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» заңға сай, елдің жалғыз ең жоғарғы дәрежелі ерекшелік белгісі еді. 1995 жылы аталмыш заңға өзгертулер енгізіліп, ең жоғарғы дәрежелі ерекшелік белгілері қатарына «Алтын Қыран» ордені мен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы қосылды.

«Халық қаhарманы» атағы Қазақстанға сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. Бұл атаққа ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан ордені» тапсырылады.

Екі әйел, бір желтоқсаншы

Тақырыпшаға шығарып, ерекше атап отырғанымыз: қаһармандар қатарындағы екі әйел – әнші, халық әртісі Роза Бағланова (1996); әскери ұшқыш, штурман Хиуаз Доспанова (2004) және жалғыз желтоқсаншы – Қайрат Рысқұлбеков (1988 жылы қайтыс болған, қаһарман атағы 1996 жылы берілген).

Тағайындау критерийлеріне қарап, бұл атақты көбіне (23 адам) әскери тұлғалардың, соғыс ардагерлері мен Кеңес Одағының батырлары алғанына таңғалмаймыз. Соның ішіндегі төрт ұшқыш-ғарышкер (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Ресей азаматы Юрий Маленченко және Айдын Айымбетов) – өз алдына бөлек шоғыр.

Т.Мұсабаев, Н.Назарбаев, А.Айымбетов және Т.Әубәкіров, 2015 ж. 14 қазан / Фото: Ақорда

Әскерилерден кейінгі үлкен топ – көрнекті ғалымдар, өнерпаздар мен еңбекті ұйымдастырушылар (8 адам). Адам өміріне араша түсіп, қауіптен аман алып қалған батырлар («құтқарушылар» санаты) – 5 азамат (соның ішінде екеуіне – полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа және өрт сөндіруші, полковник Мейіржан Аймановқа қаһарман атағы қайтыс болған соң берілген).

Жауынгерлік ерліктері емес, жоғарғы лауазымына бола, заңда бекітілген мәртебесіне қарай «Халық қаһарманы» атағының иегері болған жалғыз тұлға – елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ оқыңыз