
Еліміздің айтулы тұлғаларына мемлекеттік марапаттар табысталатын кезекті мереке күндері жақын. Сондай марапаттар арасында орны бөлек, дәрежесі айрықша бір құрмет белгісі бар, ол – «Халық қаһарманы» атағы. Kursiv.Media редакциясы қазір бар ашық деректерді шолып, осы атақты алған қайраткерлердің толық базасын әзірлеп, оқырман назарына ұсынады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанның «Халық қаhарманы» атағын 39 азамат алған. Алғаш алған тұлға – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов (1994 жылы алған). Биыл, қайтыс болғанына 52 жыл толғанда, бұл атақты Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсеткен қазақ офицері Кенжебай Мәденовке (1925-1974) берді.
Төмендегі интерактивті инфографика кестесіне жинақталған мәліметтерді тиісті сұрау белгілері бойынша сұрыптап көруге болады.
011924–2013Әскер генералыСағадат Нұрмағамбетоватақ алған күніТолығырақ
Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. «Халық қаһарманы» атағын бірінші алған тұлға.
021932–2007Ғалым, ұйымдастырушыАхат Күленоватақ алған күніТолығырақ
Металлург, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының басшысы. Қазақстанның металлургия өндірісін дамытуға үлес қосқан.
031936–2003Ғалым, ұйымдастырушыАлександр Христенкоатақ алған күніТолығырақ
Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы, Қарағанды облысындағы кеңшар-институттың бас директоры.
041946ҒарышкерТоқтар Әубәкіроватақ алған күніТолығырақ
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (1991), сынақшы-ұшқыш.
051951–2025ҒарышкерТалғат Мұсабаеватақ алған күніТолығырақ
Ұшқыш-ғарышкер. Ғарышқа үш рет ұшып, халықаралық ғарыш бағдарламаларына қатысты.
061961ҒарышкерЮрий Маленченкоатақ алған күніТолығырақ
Ресейлік ұшқыш-ғарышкер. Талғат Мұсабаевпен бірге «Мир» станциясына жасалған 1994 жылғы экспедицияға қатысты.
071918–2006Соғыс ардагеріҚасым Қайсеноватақ алған күніТолығырақ
Әйгілі партизан, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры.
081922–2015Соғыс ардагеріАлексей Кулаковатақ алған күніТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, майдандағы ерліктері үшін «Жауынгерлік Қызыл Ту» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.
091918–1998Соғыс ардагеріМөрдін Тайыповатақ алған күніТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері. Еуропаны азат ету шайқастарына және Жапонияға қарсы соғысқа қатысты.
101933–2015Ғалым, ұйымдастырушыМұхтар Әлиеватақ алған күніТолығырақ
Хирург, академик, клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры.
111937–2013Ғалым, ұйымдастырушыАким Атмачидиатақ алған күніТолығырақ
Құрылыс саласының ұйымдастырушысы. Семей құрама темірбетон өндірістік бірлестігін басқарды.
121912–2003Ғалым, ұйымдастырушыШапық Шөкинатақ алған күніТолығырақ
Қазақстанда энергетика ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, академик.
131922–2011ӨнерпазРоза Бағлановаатақ алған күніТолығырақ
141966–1988ЖелтоқсаншыҚайрат Рысқұлбековатақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы. Тәуелсіздік жолындағы азаматтық ерліктің символына айналған.
151920–1941Соғыс ардагеріБақтыораз Бейсекбаеватақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Бомбалаушы ұшақтың атқыш-радисі. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндеріндегі әуе шайқасында қаза тапқан.
161925–1998ӨнерпазНұрғиса Тілендиеватақ алған күніТолығырақ
Композитор, дирижер, домбырашы. «Отырар сазы» оркестрін құрып, қазақ музыкасына мол мұра қалдырды.
Сурет: пошта маркасындағы портрет.
171924–1988Соғыс ардагеріРақымжан Қошқарбаеватақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ офицері.
181932–2009ӨнерпазӘзірбайжан Мәмбетоватақ алған күніТолығырақ
Театр және кино режиссері, КСРО халық әртісі. Қазақ кәсіби театрының дамуына елеулі үлес қосқан.
191922–2008Соғыс ардагеріХиуаз Доспановаатақ алған күніТолығырақ
Әскери ұшқыш, штурман. Түнгі бомбалаушы авиация полкінің құрамында майдан тапсырмаларын орындаған.
201919–2005Соғыс ардагеріМәулен Қалмырзаатақ алған күніТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, ағартушы.
06.05.2005 — награданы тапсыру күні. Жарлықтың нақты күні мен нөмірі ашық деректерден табылмады.
211924–2007Соғыс ардагеріАлександр Капоринатақ алған күніТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, артиллерист, Даңқ орденінің толық иегері.
06.05.2005 — награданы тапсыру күні. Жарлықтың нақты күні мен нөмірі ашық деректерден табылмады.
221945Әскер генералыМұхтар Алтынбаеватақ алған күніТолығырақ
Армия генералы, Қазақстанның Қорғаныс министрі.
231984Құтқарушы, полицияАзамат Жұмаділоватақ алған күніТолығырақ
Аэроұтқыр әскер офицері. 2007 жылы Үштөбеде өртке оранған үйден екі баланы және олардың анасын құтқарып, ерен ерлігімен танылған.
241952Әскер генералыБақытжан Ертаеватақ алған күніТолығырақ
Генерал-лейтенант, Ауған соғысының ардагері. Қазақстан Қарулы күштерінде басшылық қызметтер атқарған.
251971–2011Құтқарушы, полицияҒазиз Байтасоватақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Полиция капитаны. 2011 жылы Таразда террористі ұстау кезінде адамдардың өмірін қорғап, қаза тапқан.
261972ҒарышкерАйдын Айымбетоватақ алған күніТолығырақ
Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері. 2015 жылы Халықаралық ғарыш станциясына ұшып, ғылыми зерттеулер жүргізген.
271961Құтқарушы, полицияДмитрий Родинатақ алған күніТолығырақ
Азаматтық авиация ұшқышы. 2016 жылы Fokker-100 ұшағын алдыңғы шассиі ашылмаған күйде қауіпсіз қондырған.
281977Құтқарушы, полицияҚайрат Үмбетоватақ алған күніТолығырақ
Ұлттық ұлан офицері. 2016 жылы жаттығу кезінде гранатадан сарбазды денесімен қорғап, ерлік көрсеткен.
291940ПрезидентНұрсұлтан Назарбаеватақ алған күніТолығырақ
Қазақстанның тұңғыш президенті.
301976–2021Құтқарушы, полицияМейіржан Аймановатақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Азаматтық қорғау полковнигі. Жамбыл облысындағы әскери қойма өрті мен жарылыс кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, қаза тапқан.
311916–1944Соғыс ардагеріТөлеуғали Әбдібековатақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Панфилов дивизиясының даңқты мергені (397 жауды жойған).
32(1912–?)Соғыс ардагеріАлександр Несмияноватақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, атқыштар батальонының командирі. Қырым мен Шығыс Пруссия бағытындағы шайқастарда ерлік көрсеткен.
Қайтыс болғанын растайтын сенімді дерек табылмады. Атақтың оған қайтыс болған соң берілгені тиісті жарлықта көрсетілген.
331911–1943Соғыс ардагеріЫбырайым Сүлейменоватақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Ұлы Отан соғысының даңқты снайпері, старшина.
341949Құтқарушы, полицияҚайырбек Сүлейменоватақ алған күніТолығырақ
Ішкі істер органдарының ардагері, генерал-полковник, Қазақстанның Ішкі істер министрі (1995–2000, 2002–2003).
351921–2025Соғыс ардагеріӘбдіғали Қаймолдинатақ алған күніТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер.
361923–2026Соғыс ардагеріИван Гапичатақ алған күніТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, 1945 жылғы Мәскеудегі Жеңіс парадының қатысушысы. Соғыстан кейін прокуратура органдарында қызмет атқарған.
371939Әскер генералыСәт Тоқпақбаеватақ алған күніТолығырақ
Генерал-полковник, мемлекет қайраткері. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қорғаныс министрлігін басқарған.
381910–1982Соғыс ардагеріБауыржан Момышұлыатақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Даңқты қолбасшы, полковник, жазушы, Кеңес Одағының Батыры.
Сурет: пошта маркасындағы портрет.
391925–1974Соғыс ардагеріКенжебай Мәденоватақ алған күніқайтыс болған соңТолығырақ
Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлин ратушасына Жеңіс туын тіккен жауынгер.
Туған жылы ҰҚК ардагерлері басылымы бойынша — 1925. Кейбір жинақтарда 1927 жыл деп көрсетілген.
Марапаттың төресі
Халық қаһарманы – әуелде, 1993 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» заңға сай, елдің жалғыз ең жоғарғы дәрежелі ерекшелік белгісі еді. 1995 жылы аталмыш заңға өзгертулер енгізіліп, ең жоғарғы дәрежелі ерекшелік белгілері қатарына «Алтын Қыран» ордені мен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы қосылды.
«Халық қаhарманы» атағы Қазақстанға сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. Бұл атаққа ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан ордені» тапсырылады.
Екі әйел, бір желтоқсаншы
Тақырыпшаға шығарып, ерекше атап отырғанымыз: қаһармандар қатарындағы екі әйел – әнші, халық әртісі Роза Бағланова (1996); әскери ұшқыш, штурман Хиуаз Доспанова (2004) және жалғыз желтоқсаншы – Қайрат Рысқұлбеков (1988 жылы қайтыс болған, қаһарман атағы 1996 жылы берілген).
Тағайындау критерийлеріне қарап, бұл атақты көбіне (23 адам) әскери тұлғалардың, соғыс ардагерлері мен Кеңес Одағының батырлары алғанына таңғалмаймыз. Соның ішіндегі төрт ұшқыш-ғарышкер (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Ресей азаматы Юрий Маленченко және Айдын Айымбетов) – өз алдына бөлек шоғыр.

Әскерилерден кейінгі үлкен топ – көрнекті ғалымдар, өнерпаздар мен еңбекті ұйымдастырушылар (8 адам). Адам өміріне араша түсіп, қауіптен аман алып қалған батырлар («құтқарушылар» санаты) – 5 азамат (соның ішінде екеуіне – полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа және өрт сөндіруші, полковник Мейіржан Аймановқа қаһарман атағы қайтыс болған соң берілген).
Жауынгерлік ерліктері емес, жоғарғы лауазымына бола, заңда бекітілген мәртебесіне қарай «Халық қаһарманы» атағының иегері болған жалғыз тұлға – елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.