
«Заманбек» фильмінің жабық көрсетілімінде кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың жүргізушіге жасаған әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ол жұбайы Динара Сәтжанды таныстырған жүргізушінің құлағынан шертіп, ескерту жасаған. Желі қолданушыларының бір бөлігі кәсіпкердің әрекетін ерсі көрген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оқиға «Заманбек 2» фильмінің жабық көрсетілімінде болған. Іс-шара барысында жүргізуші құрметті қонақтарды көпшілікке таныстырып жатқанда жүргізушіні Динара Сәтжан деп ескі тегімен атайды.
Бұл Жұмабек Жанықұловқа ұнамаған сыңайлы. Әлеуметтік желіде тараған видеода кәсіпкер жүргізушіге жақындап, оның құлағынан шертіп, бірдеңе айтқанын көруге болады. Осыдан кейін жүргізуші «Жанықұлова» деп кәсіпкердің әйелін қайта таныстырады.
Желі қолданушылары кәсіпкердің әрекетін сынады
Видеоны жүргізуші Нұрбек Саламатов өз Instagram парақшасына жариялады. Жазбаның астында кәсіпкердің әрекетіне қатысты түрлі пікір қалдырылған.
Пікір білдірушілердің бірі:
«Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді болып тұр мына еркектің қылықтары өте ерсі», – деп жазған.
Тағы бір қолданушы жүргізушінің әрекетін қолдап, кәсіпкерді сынға алды.
«Жүргізуші жай ғана жағдайдан кәсіби түрде шығып кетті», – делінген пікірде.
Ал басқа оқырман Динара Сәтжанның Instagram желісінде де өз тегін қолданатынын еске салған.
«Инстаграмда тегіңіз Сәтжан деп тұр ғой, күйеуіңізге ұнамай қалмайды ма? Мүмкін өзгертіп қоярсыз», – деп жазған ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан ақтөбелік емшіні сотта жеңіп шыққан еді.