
Apple компаниясы iPhone Duo смартфонына сұраныс жоғары, жеткізу көлемі шектеулі болуына байланысты оны сатып алуға шектеу қойды. АҚШ-та Apple-дің ресми сайты мен Apple Store қосымшасы арқылы бір адамға кемі екі жиналмалы смартфонынан артық сатып алуға болмайды.
АҚШ, Жапония, Испания және Ұлыбританиядағы Apple Store дүкендерінде бір адамға екі iPhone Duo смартфонынан артық сатып алуға болмайтыны туралы ескерту көрсетілген. Reddit қолданушыларының айтуынша, шектеу жақында енгізілген.
Қытай, Сингапур және Гонконгтағы Apple сайттарында да бір сатып алушыға екі жиналмалы смартфоннан артық алуға болмайтынын алдын ала көрсеткен. Ал АҚШ-тағы компанияның ресми сайтында шектеу сатып алушы себетке екі iPhone Duo-дан артық қосуға әрекет жасаған кезде ғана ескертіледі.
Компания шектеуді смартфондарды жаппай сатып алып, кейін қымбат бағаға қайта сататын алып-сатарлардың әрекетін шектеу үшін енгізген болуы мүмкін. Қазірдің өзінде сауда сайттарында делдалдар сатылымға қойған ондаған iPhone Duo бар. Олардың кейбірінің бағасы 5 мың доллардан асады.
Еске салсақ, осыған дейін компания бүктелетін iPhone Duo смартфонына сұраныс «ерекше жоғары» болғанын мәлімдеді. Жаңа модель сатылымға шыққаннан кейін бірнеше сағат ішінде компанияның ресми сайтындағы барлық данасы сатылып кеткен.