Зейнетақы жинағын басқарушылар: қай компанияның комиссиясы ең төмен

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: Kursiv Media

Қазақстанда жеке басқарушы компаниялар басқаратын зейнетақы активтерінің табыстылығы Ұлттық банктің көрсеткішінен айтарлықтай жоғары. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, жыл басынан ең жоғары табыстылықты «Сентрас Секьюритиз» көрсетті – 12,18%. Екінші орында Halyk Finance – 9,06%, одан кейін Alatau City Invest 8,25 пайызбен тұр.

BCC Invest жыл басынан бері 8,09%, Halyk Global Markets 7,55% табыс әкелген. Ал зейнетақы активтерінің негізгі бөлігін басқаратын Ұлттық банктің кірістілігі небәрі 4,2% болды. Яғни үздік жеке басқарушының нәтижесі Ұлттық банктен шамамен үш есе жоғары.

Tansar Capital көрсеткішін басқа компаниялармен тікелей салыстыруға болмайды. Компания зейнетақы активтерін басқаруды тек 2026 жылғы 8 сәуірде бастаған. Содан бергі табыстылығы 2,43%-ды құрады.

Зейнетақы активтері

Зейнетақы жинағын кім тиімді басқарып жүр?

2026 жылдың қаңтар–тамызындағы табыстылық. Соңғы ай — 2026 жылғы тамыз.

Басқарушы
Жыл басынан
1 айда
Комиссия
1
Сентрас Секьюритиз
Консервативті портфель
+12,18%
+2,24%
1%
2
Halyk Finance
Консервативті портфель
+9,06%
+2,56%
5%
3
Alatau City Invest
Қалыпты портфель
+8,25%
+2,56%
5%
4
BCC Invest
Консервативті портфель
+8,09%
+1,74%
6%
5
Halyk Global Markets
Консервативті портфель
жаңа өтінім қабылдамайды
+7,55%
+1,36%
6%
6
Қазақстан Ұлттық банкі
БЖЗҚ активтерінің негізгі басқарушысы
+4,20%
−0,18%
1,5%
7
Tansar Capital
2026 жылғы 8 сәуірден бастап
+2,43%*
+1,29%
6%
* Tansar Capital үшін көрсеткіш — 2026 жылғы 8 сәуірден бастап басқару кезеңіндегі табыстылық.
Дерек: БЖЗҚ · 01.09.2026

Табыстылық жоғары болғанымен, комиссияны да ескеру керек

Басқарушыны таңдағанда тек табыстылыққа қарау жеткіліксіз. Компаниялар инвестициялық табыстан комиссия алады және оның мөлшері айтарлықтай ерекшеленеді.

Мәселен, «Сентрас Секьюритизде» комиссия небәрі – 1%. Halyk Finance пен Alatau City Invest 5%-дан алады, ал BCC Invest пен Tansar Capital-дың комиссиясы 6%-ды құрайды. Сондықтан бірдей табыстылық жағдайында комиссиясы төмен компания салымшы үшін тиімдірек болуы мүмкін.

Бұл комиссия зейнетақы жинағының бүкіл сомасынан емес, инвестициялық қызмет нәтижесінде алынған табыстан есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз