
21 қазанда KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 448,60 теңгеге дейін түсті. Бір күнде америкалық валюта 1,91 теңгеге арзандады, деп жазады Kursiv.Media.
Осылайша, теңге екі күн қатарынан нығаюын жалғастырып отыр. Ұлттық банктің 21 қазанға белгілеген ресми бағамы — 450,69 теңге.
Теңгенің қысқа мерзімде күшеюіне экспорттаушылардың валюта сатуы мен ай соңындағы салық төлемдері қарсаңындағы теңгеге сұраныстың артуы қолдау көрсетуі мүмкін. Доллар 445-450 теңге аралығында сақтала ма, жоқ әлде теңгенің нығаюы жалғаса ма деген сауалдың басы алдағы күндері де ашық қала бермек.
Айта кетейік, Ұлттық банктің тамыздағы сауалнамасында сарапшылар 2026 жылы доллардың орташа бағамын 490 теңге болады деп болжаған. Қазан айында сарапшылар болжамын өзгертіп бағам 479 теңгеге дейін төмендейтінін болжаған.