
Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Пара Азия ойындарына қатысып, құрлық рекордын жаңартты, деп жазады Kursiv.Media.
«V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшы Айсулу Сүлейменова пара жеңіл атлетикадан 100 метрге жүгіру сайысында T62 класында Азияның жаңа рекордын орнатты!», – деп хабарлады Параолимпиада комитеті.
Айта кетейік, 2011 жылы Айсұлу Сүлейменова жол көлік апатына ұшырап, екі аяғына ампутация жасалған. Психологиялық қиындықтарды жеңу үшін спортпен айналыса бастады. Қазақстанның Паралимпиадалық құрамасының мүшесі атанды. 2023 жылы «Шапағат» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, «Жақсы адам – 2023» арнайы сыйлығының иегерлерінің бірі атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Пара Азияда ойындарында пара дзюдошылар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді.