Брюссельдегі әйгілі «Маннекен Пис» мүсініне қазақы шапан кигізілді

Жарияланды 22 Қазан 2026 22:09

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Брюссельдегі әйгілі «Маннекен Пис» мүсініне қазақы шапан кигізілді / Фото: Instagram/@kazakhstaninbrussels

Бельгия астанасы Брюссельдің ең басты белгілерінің бірі – «Маннекен Пис» мүсіні Қазақстанның Республика күніне орай қазақтың ұлттық шапанын киді, деп жазады Kursiv.Media.

Бұл ерекше шара Қазақстан мен Бельгия арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени байланыстың айқын көрінісіне айналды. Ұлттық нақыштағы киіммен көмкерілген мүсін екі ел арасындағы рухани сұхбатты айшықтап, Еуропа төрінде қазақ мәдениетін тағы бір мәрте дәріптеді.

Бельгия астанасының тұрғындары мен қала қонақтары қазақы шапан киген әйгілі мүсінді 21 қазан күні сағат 18:00-ге дейін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Әйгілі мүсінге қазақтың ұлттық киімін кигізу дәстүрге айналып келеді. Өткен жылы да Республика күні қарсаңында мүсінге қазақы шапан жабылған еді. Ол кезде Қазақстан елшілігі бұл бастаманың «Маннекен-Пис сақтаушылар орденімен» бірлесе ұйымдастырылғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, осыған дейін Бельгия Қазақстанға жарты жылда 428 млн доллар инвестиция салғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз