АҚШ азаматы «Адай» күйін нақышына келтіріп орындады

Жарияланды 22 Қазан 2026 17:30

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: gov.kz

«Қазақконцерт» сахнасында америкалық өнерпаз «Адай» күйін орындап, көпшілікті таңырқатты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, АҚШ-тан келген әуесқой музыкант Джеффтің домбырамен Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін орындады. Оның өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақтың күй өнеріне шетелде де қызығушылық жоғары екенін көрсеткен.

«Біздің жәрмеңке» атты мерекелік концерт Республика күніне орай өткен. Кеш барысында халық әндері мен күйлері орындалып, жыр-термелер шырқалып, ұлттық билер ұсынылды.

Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, күйші-зерттеуші Айтолқын Тоқтаған, «Қыздар» ансамблі мен «Шалқыма» би ансамблі және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.

Айта кететін жайт, Еуропаның ең биік шыңы Эльбруста «Адай» күйі күмбірлеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз