
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме бойынша өткен брифингте теңгенің нығаюы инфляцияның баяулауына оң ықпал еткенін мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.
Оның айтуынша, ішкі нарықтағы бағаға ұлттық валюта бағамының әсері бар. Себебі Қазақстанда тұтынылатын азық-түліктің 28 пайызы импорт есебінен қамтамасыз етіледі. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша импорттың үлесі 50 пайыздан асады.
Теңге нығайған кезде шетелден әкелінетін тауарлардың теңгемен есептелген құны төмендейді. Бұл импорттық өнімдер бағасының өсуін тежеуге және ішкі нарықтағы инфляциялық қысымды азайтуға ықпал етеді.
Айта кетейік, ҰБ базалық мөлшерлемені -0,50 п.т дейін түсіріп, 15,75% межесіне дейін төмендеді.