Халит Ергенч пен Мерьем Озерли 15 жылдан кейін қайта көрермен алдына шықты

Жарияланды 23 Қазан 2026 14:22

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram, halitergencresmi

Халит Ергенч пен Мерьем Озерли 15 жылдан кейін бірге фильм түсіріп, қайта көрермен алдына шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Екі әлемдік кино жұлдызы жаңа түрік фильмінің таныстырылу рәсімінде бас қосып, қуанышты сәтін бөлісті.

«Мәрияммен бірге түсірген осы фильміміз арқылы 15 жылдан кейін қайтадан көрермен алдына шығу және әсіресе фильміміздің тұсаукесерін El Gouna кинофестивалінде өткізу біз үшін қуанышты сәт болды. Қатты толқыдық. Керемет алғашқы кешпен фильміміз өз сапарын бастады. Жолы ашық болсын!» – деп тілектестік білдірді Халит Ергенч.

Айта кететін жайт, 2011 жылы шыққан түріктің «Ғажайып ғасыр» тарихи телехикаясы әлем жұртшылығының сүйіспеншілігіне бөленді. Сұлтан Сүлейман рөлін Халит Ергенч, Хюррем Сұлтан рөлін тегі түрік германиялық актриса Мерьем Озерли сомдады. Осы рөлдері арқылы түріктің кино жұлдыздары дүниежүзіне мәшһүр болды.  

Енді олар «Имроздағы көктем» атты жаңа туындыда басты рөлдерді сомдаған.

Сондай-ақ оқыңыз