
27 қазанда теңге әлсіреді: KASE-дегі USD/KZT жұбы бойынша соңғы мәміле 457,80 теңгемен жасалды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі сауда қорытындысынан 3,30 теңгеге немесе 0,73% жоғары. Орташа өлшенген бағам 455,99 теңгені құрады. KASE индексі, керісінше, 0,44% өсіп, 7 877,38 тармаққа жетті. Индекс құрамында Kaspi.kz (KSPI) 2,2%, Қазатомөнеркәсіп (KZAP) 1,8%, Halyk Bank (HSBK) 0,9% қымбаттады. Қазақтелеком (KZTK) 1,4%, ҚазМұнайГаз (KMGZ) 0,7% төмендеді.
АҚШ нарығында технологиялық компаниялар алға шықты: S&P 500 0,60% өсіп, 7 722,60, Nasdaq Composite 1,18% көтеріліп, 26 477,81 тармақпен жабылды. Алтынның спот бағасы $4 060,33-ға жетіп, 1,07% өсті. Brent шамамен $113,84 деңгейінде болды, Bitcoin тәулікті $80,7 мың маңында аяқтады
НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ
Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы
Қор нарығы
KASE акциялары · 27 қазан


СЕЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ
Экономика, қаржы және бизнесДоллар 457,80 теңгемен жабылды
KASE-де доллардың соңғы мәміле бағасы 3,30 теңгеге өсіп, сауда соңында 457,80 теңгеге жетті.
ОҚЫҢЫЗHalyk Finance: доллар 2027 жылы 515 теңгеге жетуі мүмкін
Сарапшылар доллар бағамы 2026 жылдың соңында 490 теңгеге, 2027 жылдың соңында 515 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды.
ОҚЫҢЫЗCPC Blend бағасы $133-ға жуықтады
Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық маркасы CPC Blend барреліне $132,91-ға дейін қымбаттады.
ОҚЫҢЫЗГаз қарызы 102 млрд теңгеден асты
Үкімет өңірлер мен энергетикалық кәсіпорындарға газ үшін қордаланған берешекті жыл соңына дейін өтеуді тапсырды.
ОҚЫҢЫЗАлматы доллар сатып алудан көш бастап тұр
Қыркүйекте елдегі доллардың таза сатылымы 100,25 млрд теңге болды, оның жартысына жуығы Алматыға тиесілі.
ОҚЫҢЫЗҚалдықтарды қайта өңдеуге 122,6 млрд теңге бөлінді
«Жасыл даму» 34 жобаға қаржы бөліп, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын кеңейтпек.
ОҚЫҢЫЗҚой еті жыл басынан бері 17,5% қымбаттады
Қазақстан бойынша қой етінің орташа бағасы қаңтардағы 3 854 теңгеден қыркүйекте 4 530 теңгеге жетті.
ОҚЫҢЫЗӘкімшілік айыппұлдар 278 млрд теңгеге жетті
2026 жылғы көрсеткіш былтырғыдан 29% жоғары, ал Ақтөбе облысында айыппұл сомасы бір жылда 3,7 есе өскен.
ОҚЫҢЫЗАлматы облысында 3 млрд теңгелік ет зауыты ашылды
Кеген ауданындағы жаңа кәсіпорын тәулігіне 10 тоннаға дейін ет өңдеп, 20 түрлі өнім шығаруды жоспарлап отыр.
ОҚЫҢЫЗШаруа қожалықтарына қатысты 1 млрд теңгелік іс тергеліп жатыр
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы субсидияларын заңсыз алу салдарынан бюджетке келген залал 1 млрд теңгеге жуықтаған.
ОҚЫҢЫЗ