Ақтау теңіз порты AIX биржасына 44 млн доллар көлемінде облигация шығарды

Жарияланды 28 Қазан 2026 09:49

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: PortAktau

Қытайдың China Harbour Engineering Company компаниясы Ақтау теңіз портын жаңғыртуға арналған үшінші тендерді жеңіп алғаны белгілі. Ал 28 қазанда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясының 2 жылдық облигациялары AIX биржасының листингіне енгізілді. Шығарылым көлемі – $44 млн, купондық мөлшерлемесі – жылдық 5,5%.

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты «Қазақстан темір жолының» басқаруында, ал жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» қоры. Порт Қытай мен Орталық Азияны Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропамен байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытының негізгі инфрақұрылымдық нысандарының бірі саналады.

Порт инфрақұрылымына 11 айлақ, мұнай құю, астық және құрғақ жүк терминалдары кіреді. Жылдық жүк өткізу қабілеті – 11,8 млн тонна. Орта дәліздің дамуына байланысты порт инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

2026 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі Ақтау порты мен ҚТЖ арасында облигацияларды сатып алу-сату шартын жасасуды мақұлдаған.

Сондай-ақ оқыңыз