Тоқаев 100 жылға жететін уран қорын құруды ұсынды

Жарияланды 28 Қазан 2026 11:38

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Macron calls on Kazakhstan to ramp up uranium exports
АЭС құрылысы қарқынды жүрсе, елге уран қоры қажет болады /kazatomprom.kz бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында атом электр станцияларына уран қорын әзірлеу жайлы тапсырма берді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту стратегиялық маңызға ие. АЭС салу туралы шешім бүкілхалықтық референдум қорытындысы бойынша қабылданған. Президент бірнеше атом электр станциясын салу мәселесін қатар қарастыру қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы алдағы 50 жылда және одан кейін де атом электр станцияларын уран шикізатымен қамтамасыз ету мәселесін қазірден ойластыру керегін айтты. Осыған байланысты Қазақстанның атом электр станцияларына алдағы жүз жылға жететін уран қорын қалыптастыру туралы ұсынысты байыппен қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Тоқаев АЭС құрылысына қатысатын шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістер ашуға, ядролық энергетика саласындағы тәжірибесі мен білімін беруге және отандық мамандар даярлауға тарту қажеттігін атап өтті. Мұндай ұсыныстар Ресей мен Қытай компанияларынан түскен.

Президент келіссөздер кезінде Қазақстанның ұлттық мүдделері толық ескерілуге тиіс екенін айтты.

Жолдаудың тікелей эфирін осы ерден көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз