Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев шаңырақ көтерді

Жарияланды 28 Қазан 2026 16:36

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
youtube.com/@uaqyt_korsetedi, бильд-редактор: Дастан Шанай

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, продюсер Дархан Мұсаев шаңырақ көтергенін хабарлады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бейнежазбада неке куәлігіне қол қойып жатқанын көрсетті. Десе де, онда қалыңдығының бейнесі көрінбеген.

«Қайырлы күн, достар. Бүгін мен сіздерге екінші жаңалығымды бөліссем деп отырмын. Әрине, «жалғыздық құдайға ғана жарасқан». Бүгін мен – бүгін біз некеге отырдық. Ал құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші! Барлықтарыңызға Алла жар болсын. Неке куәлігін алдық», – деді продюсер.

Қазақстандықтар оған: «Алла салиқалы отбасы болуды нәсіп етсін», – деп бақыт тілеп жатыр.

Мұның алдында Дархан Мұсаев кино түсіруге кіріскен еді. Енді жаңа фильмінің басты рөлдеріне кастинг жариялағанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз