
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қыздары Алау алғаш рет фильмде басты рөлді сомдағанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жұлдызды жұп ата-ана ретінде Алау Қайратқызының жетістігіне қуанып, сүйінші сұрады.
«Қызымыздың алғашқы туындысы. Осы уақытқа дейін Алау көптеген сериялдарға, фильмдерге түсіп жүр. Эпизодтағы рөлдерге. Ал осы жолы басты кейіпкердің рөлін сомдап шықты. Бүгін премьера. Қызымызды қолдап құттықтап келіп отырмыз», – деді Жұлдыз әбдікәрімова.
Жұбайлар қыздарының жетістігіне әрі қуанып, әрі алаңдап отырғанын жеткізді.
«Өйткені, енді тәй-тәй басып, киноиндустрияға кіріп жатыр. Үлкен экранға. Сондықтан ата-ана ретінде жас талантты қолдауды сұраймыз», – деді актриса.
Әнші Қайрат Нұртас та Алаудың өнеріне бата берді.
«Қызымның мықты, дарынды актерлармен бірге киноға түсіп жатқанына шын жүрегіммен, әкелік жүрегіммен қуанып отырмын. Қызыма тілейтінім – сәттілік. Менің өнерімді әрі қарай жалғастыратын қызымның барына қатты қуанамын», – деді Қайрат Нұртас.
Ата-анасы Алаудың өнері өрлей беруіне тілектестік білдірді.
Айта кететін жайт, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қыздары Рәбия Сұлтанның тұсауын кестірген болатын.