
Стратегиялық маңызы бар материалдар, оның ішінде сирек металдар тізбесін қалыптастыру үшін арнайы комиссия құру көзделіп отыр. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Стратегиялық маңызы бар материалдар, оның ішінде сирек металдар тізбесін қалыптастыру үшін арнайы комиссия құру көзделіп отыр.
«Еліміз әлемдік өндірістік тізбектерге қатысуы үшін маңызды қорлар бойынша ұлттық зертхана құру жопарланып отыр. Бұл шикізат қорын дамытып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді», – деді Иран Шархан.
Сонымен қатар отандық өнімнің үлесін арттыру үшін реттелетін сатып алуларда қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары іске асырылады.
Вице-министрдің мәліметінше, отандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияны дамыту және түпкілікті өнім өндіруді ынталандыру мақсатында өнеркәсіптік кластерлерді дамыту моделі әзірленіп жатыр.
Оқи отырыңыз: 2027 жыл Құрылыс жылы болып жарияланды