Grand Slam турнирінде Елдос Сметов пен Талат Орынбасар қола жүлдеге таласады

Жарияланды 29 Қазан 2026 17:14

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Абу-Дабидегі турнирде қазақ балуандары қолаға таласады/ olimpic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Kursiv.media.

60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов ширек финалда әзербайжандық Балабей Агаевқа есе жіберді. Алайда жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесюктен басым түсіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Осы салмақта өнер көрсететін Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновтен жеңілді. Енді отандастарымыз қола медаль үшін өзара белдеседі.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда тәжікстандық Искандар Махмадхожазодаға жол берді. Жұбаныш белдесуінде де әзербайжандық Рашад Елькиевтен жеңіліп, турнирдегі жарысын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Хорватиядағы «Үлкен дулыға» турниріне Қазақстаннан 17 дзюдошы қатысады

Сондай-ақ оқыңыз