Тоқаевтың қатысуымен Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылды
Жарияланды

Түркия астанасы Анкарадағы «Бештепе» саябағында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшыларының қатысуымен Түркі әлемі аллеясының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Жаңа аллеяда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның ұлттық павильондары бой көтерген.

Аллеядағы басты экспонаттар:
- Қазақ киіз үйі: Жоғары мәртебелі меймандарға сақ мұрасы, көшпелілер мәдениеті мен заманауи Қазақстанның жетістіктері таныстырылды.
- «Сақ аңшысы» композициясы: Саятшылық өнерін паш ететін ерекше мүсін ұсынылды.
- Орхон ескерткіштері: Көне түркі жазба мәдениетінің жәдігерлері көрсетілді.

Сондай-ақ, саммитке қатысушы мемлекеттердің басшылары бауырластық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде Түркі әлемі аллеясына ағаш отырғызды.