Тоқаевтың қатысуымен Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Анкарада Түркі әлемі аллеясы ашылды / Фото: Ақорда

Түркия астанасы Анкарадағы «Бештепе» саябағында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшыларының қатысуымен Түркі әлемі аллеясының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Жаңа аллеяда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның ұлттық павильондары бой көтерген.

Фото: Ақорда

Аллеядағы басты экспонаттар:

  • Қазақ киіз үйі: Жоғары мәртебелі меймандарға сақ мұрасы, көшпелілер мәдениеті мен заманауи Қазақстанның жетістіктері таныстырылды.
  • «Сақ аңшысы» композициясы: Саятшылық өнерін паш ететін ерекше мүсін ұсынылды.
  • Орхон ескерткіштері: Көне түркі жазба мәдениетінің жәдігерлері көрсетілді.
Фото: Ақорда

Сондай-ақ, саммитке қатысушы мемлекеттердің басшылары бауырластық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде Түркі әлемі аллеясына ағаш отырғызды.

Сондай-ақ оқыңыз