Астанада «Чарли мен Ирэн» балетінің премьерасы өтті

Жарияланды 1 Қараша 2026 13:27

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: gov.kz

«Астана Опера» театрында А.Кестнердің музыкасына қойылған «Чарли мен Ирэн» балетінің әлемдік премьерасы өтті, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, қойылымды Mosaica Del Arte шығармашылық тобы театр труппасына арнайы әзірлеген.

«Балетті хореограф К.Радев сахналады.Театрдың симфониялық оркестріне А.Оразғалиев дирижерлік етті. Неоклассикалық қойылымның көркемдік шешіміне дыбыссыз кино эстетикасы негіз болған. Балетте әсерлі би қимылдары кинодағы монтаж тәсілдерімен сабақтасады», – делінген ақпаратта.

Шығармада кезбе Чарли мен жас Ирэннің махаббат хикаясы баяндалады. Қос ғашық әлеуметтік теңсіздік пен қыздың дәулетті әкесінің қарсылығына қарамастан, бірге болуға ұмтылады. Қойылымда күлкілі көріністер драмалық оқиғалармен алмасып отырады.

Басты партияларды Д.Зайдин мен Ш.Әдепхан орындады. Жобаның дайындығына балет труппасының көркемдік жетекшісі А.Асылмұратова жетекшілік етті. Сахналық безендіруді А.Капустина мен Н.Шахматова әзірлеп, костюмдерді сәнгер И.Чапурин жасаған.

Қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, спектакль соныңда көпшілік әртістерге қошемет көрсетті.

Айта кететін жайт, АҚШ-тан келген әуесқой музыкант Джеффтің домбырамен Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін орындап, көпшілікті таңырқатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз