
Актер Ерболат Әлқожа түсірім кезінде қатты жарақат алып, соның кесірінен құлағы естімей қалды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы актердің өзі жеке парақшасында хабарлады.
«Мен үшін уайымдап, жылы лебіздерін білдіріп жатқан барлық оқырмандарыма алғысым шексіз. Рахмет сіздерге! Бұл – түсірілімде болған жарақат. Мына құлағым мүлде естімей қалды. Қырғызстанның мен деген мықты дәрігерлері емдеп жатыр. Қырғыз бауырларымызға көп алғыс», – деді Ерболат Әлқожа.
Қазақстандықтар актердің денсаулығына алаңдап, еміне ақшалай көмек ұсынып жатыр. Актер бұдан үзілді-кесілді бас тартты.
«Мен үшін уайымдағандарыңызды өзі ем болды. Өзімді жақсы сезініп қалдым. Өзіңнің біреуге керек екеніңді сезінгеннің өзі – бақыт», – деді актер.
Мұның алдында Ерболат Әлқожа Талғардағы «23 жылдық тарихы бар» ойдым жолды көрсеткен еді.