
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы әрі Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің отбасында екінші қызы дүниеге келді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
26 жастағы футболшы мен оның жұбайы Әйгерім сәбилеріне Айсана деген ат қойды. Әйгерім қызды 5 қарашада босанған, сәбидің салмағы – 4300 грамм, бойы – 53 сантиметр. Ерлі-зайыптылардың Алайя есімді тұңғыш қызы 2023 жылдың мамырында өмірге келген еді. Спортшыны Қазақстан футбол федерациясы мен «Зенит» клубының баспасөз қызметі құттықтады.
Нұралы Әліп «Қайрат» мектебінің түлегі. «Зенит» сапында Ресейдің төрт дүркін чемпионы және кубок иегері ататанса, «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионы әрі екі дүркін кубок иегері болды.
Ол «Зенитте» 2022 жылдан бері ойнайды. Ұлттық құрама жейдесінде 56 матч өткізіп, 12 ойында капитан болды.
Transfermarkt порталы қорғаушының нарықтағы құнын 2 миллион еуроға бағалап отыр. Нұралы Ұлттар лигасы аясында Молдова және Словакияға қарсы өтетін алдағы кездесулерге шақырту алды.