
Актер Бекжан Тұрыс ұлын үйлендіріп, ерекше той өткізді. Тойда ұлттық нақыш пен театр элементтері қатар қолданған, деп хабарлайды Kursiv.media.
Жас жұбайлар Мағжан мен Еңлікті қарсы алған жігіттер мен қыздардың «Жар-жарды» шырқағанын көріп, тойшыл қауым өзін опера театрында отырғандай сезінді. Сонымен қатар қол күрес, «қыз қуу» секілді ұлттық спорт түрлерінен де сайыс өткен.
Тіпті, қонақтарға тарту ретінде де қазақтық ұлттық тағамы – қазы сыйға берілген.
Әрине, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев бастаған қазақ әншілері тойдың көрігін қыздыра түсті.
«Керемет! Кеудеңді мақтаныш кернейді. Қыздар өздеріне тән жіңішке дауыспен ерекше жар-жар айтты. Ер азаматтардың жар-жары тіптен керемет. Бәрі қосылып шуылдап айтқанша мынау өте ерекше!», – деп әсерленді оқырмандардың бірі.
Мұның алдында «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов үйленіп, той өткізген болатын.