
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі еурооблигациялық бағдарламасының жалпы сомасын 3 миллиардтан 5 млрд долларға дейін арттыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламаға сәйкес, өзгерістерді холдингтің Директорлар кеңесі 2026 жылғы 22 қазандағы отырысында бекіткен. Бұл шешім 2025 жылғы 18 сәуірде қабылданған бұрынғы қаулыға өзгерістер енгізу аясында жүзеге асырылып отыр.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның 5 000 000 000 (бес миллиард) АҚШ долларынан (және/немесе басқа валюталардағы баламасынан) аспайтын сомада еурооблигациялық қарыздарды тартуы есебінен «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ міндеттемелері оның меншікті капиталы мөлшерінің 91,11%-ын құрайтын шамаға ұлғайтылсын» – делінген хабарламада.
Қабылданған шешімге сәйкес, холдингтің еурооблигациялық қарыздарды тартуы есебінен міндеттемелері оның меншікті капиталы мөлшерінің 91,11 пайызына ұлғайтылады.
Сонымен қатар Директорлар кеңесі холдингтің еурооблигациялық бағдарламасы шеңберіндегі 5, 6, 7 және 8 шығарылымдардың талаптарын айқындады.
Мәселен, осындай кезекті шығарылымдардың бірі аясында номиналды құны Қытай юанімен (CNY) болатын, жалпы көлемі 17 миллиард юаньды құрайтын 2 миллион қамтамасыз етілмеген купондық облигация шығару көзделген.
«Бәйтерек» холдингі 3 млрд доллар тартып, инвестициялық банк моделіне жақын құрылымға айналуға ниетті екен белгілі болған.