Қазақстан тағы кімдерден қарыз алады – Мәди Такиев жауап берді

Жарияланды 4 Қараша 2026 12:18

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қаржы министрі Мәди Тәкиев/ Серікжан Қобланбаев

Құрылтайда өткен брифингте қаржы министрі Мәди Такиев Kursiv.Media тілшісінің жылдың соңына дейін және 2027 жылы тағы қандай халықаралық ұйымдардан қарыз алу жоспарланып отырғанына қатысты сұрағына жауап берді.

«Біз үш халықаралық қаржы ұйымынан қарыз алдық. Бүгін Азия даму банкінен алдық. Дүниежүзілік банкінен алдық. Барлығын қосқанда 1,5 млрд доллар алдық. Жылдың соңына дейін 500 млн доллар қалды. Оны жыл аяғына дейін жағдайға қатысты көреміз. Барлығы дұрыс болса, еуромен аламыз», – деді Такиев.

Министр атағандай, келесі жылы бюджет тапшылығы 4,5 трлн теңге болады.

Оның 1,5 трлн теңгесі халықаралық ұйымдардан алынады.

Такиев бюджеттің қарызға тәуелділігін азайту үшін қандай іс-шаралар атқарылатынын да айтты.

«Біз бюджет кірістерін көбейтуіміз керек. Бүгінгі таңда ол 19 трлн теңгеге жетті. Бірақ шығыстар 30 трлнға жетіп қалды. Ол шығыстарды жабу үшін өзіміздің кіріс пен ұлттық қор бар. Тапшылықты жабу үшін қарыз алып жатырмыз. Бюджет тапшылығы биыл да, келесі жылы да 2,5 пайыз болып отыр. 2029 жылы 0,4 пайыз болады деп жоспарлап отырмыз. Ол төмендесе, тапшылық қысқарады», – деді министр.

Тағы да оқыңыз: «Жоғары сенімді көрсетеді»: Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады

Сондай-ақ оқыңыз