31 млрд теңге: мемлекет футболды әлі қаржыландырып отыр

Жарияланды 6 Қараша 2026 15:49

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Қазақстан футболына жеке инвесторлар келді, бірақ бюджетке түсетін салмақ әзірге азайған жоқ. Бірқатар клубтың иесі мен басқару үлгісі өзгерсе де, мемлекеттік қолдау жалғасып жатыр. «Дядя Ваня» жинақтаған есеп бойынша, 2026 жылы Премьер-лига клубтарына жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржы 31,236 млрд теңгеге жеткен. Ендігі сұрақ – клубтың кімге тиесілі екенінде ғана емес, оның шығынын кім көтеріп отырғанында.

Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті таратқан 2026 жылғы 8 қазандағы мәлімет бойынша, елде 12 кәсіби футбол клубы коммерцияландырылған. Бұл сан тек Премьер-лига командаларын қамтымайды. Сондай-ақ коммерцияландырудың бәрі клубты толық сату дегенді білдірмейді: бірінде меншік иесі ауысса, енді бірінде жеке басқару немесе қоғамдық қор үлгісі енгізілген.

Реформаның мақсаты – футболға жеке капитал тартып, клубтардың мемлекетке тәуелділігін азайту. Алайда жаңа инвестордың келуі бюджеттен бөлінетін қаражатты бірден тоқтатпаған. Бірқатар команда өтпелі кезеңде мемлекет пен бизнестің бірлескен қолдауына сүйеніп отыр.

Сондықтан жекешелендірудің нәтижесін жаңа қожайынның атымен ғана өлшеу жеткіліксіз. Жеке инвестор қанша қаржы салды, мемлекет қандай міндеттемелерді сақтап қалды және бюджетке тәуелділік қашан азаяды? Клубтар жекеге өткен сайын осы сұрақтардың жауабы да жұртшылыққа ашық болуы керек.

Айта кетейік, Kursiv.Media еліміздегі ірі клубтардың кімнің қолына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз