
Қазақстандық CPC Blend мұнайының баррелі 117,16 долларға бағаланды. Ал Brent маркасының құны 98,10 доллар болды.
OilPrice дерегінше, қазақ мұнай бренді – CPC Blend бағасы 4,54 долларға немесе 4,03 пайызға өскен. Brent, керісінше, 0,19 долларға арзандап, 0,19 пайызға төмендеген.
Осылайша, brent маркалы мұнай бағасымен салыстырғанда отандық мұнай 19,06 доллар премиямен (үстеме бағамен) сатылуда.
Сайлау нәтижесі қара алтынға тікелей әсер етті
Brent бағасының осы аптада төмендеуіне негізгі себеп – Ирандағы соғыс аяқталып, Таяу Шығыстан мұнай жеткізу қалпына келуі мүмкін деген үміт. Иран мен Қатар өкілдерінің келіссөздері осы күтуді күшейткен.
АҚШ-тағы аралық сайлаудан кейін Вашингтонға қақтығысты тоқтатуға қысым артады деген болжам да бағаны түсірген. Axios сұхбаттасқан сарапшы вице-президент Джей Ди Вэнстің соғыс туралы мәлімдемесін 4 қарашадағы құлдыраудың маңызды түрткісі деп атаған.